Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – өмір сапасы және болашағы

0 209

Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету – үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір    сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) Көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.     Мысалға алатын болсақ, қазіргі таңда ЭЦҚ кілттерін шығару функциясы «eGovMobile» мобильдік қосымшасы арқылы қол жетімді.Телефонда электрондық қолтаңбаны алу процесі 5 минуттан аспайды, сізге қажет:

  1. eGov мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз;
  2. «Кіру/Тіркелу» түймесін басыңыз;
  3. Жаңа ЭЦҚ-ны шығару батырмасын басыңыз;
  4. Ұялы телефон нөмерін теріп, кодты жазасыз;
  5. Рұқсатты бейне тексеру;
  6. Қосымша ақпаратты толтырыңыз;
  7. Құпия сөз жасаңыз.

ЭЦҚ қосымшаға автоматты түрде жүктеледі, ал сіздің нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркеледі. Сондай-ақ eGovMobile қолдағы ЭЦҚ кілттерін төрт таңбалы PIN-кодқа және смартфоныңыздың кіріктірілген биометриясына (FaceID, TouchID) байланыстыруға мүмкіндік береді. ЭЦҚ кілттерін PIN-кодқа және биометрияға бір рет байлай отырып, сіз бұдан әрі ЭЦҚ кілтін таңдауға және пароль енгізу кезінде және ұялы қосымшада қызметті алу кезінде әр уақытта алаңдамай аласыз.

EGovMobile «App Store» және «Google play»-ге жүктеу үшін қол жетімді.

Диана ИСКАКОВА,
облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.