Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектептегі білім беруді трансформациялау

0 294

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты мен «125 High School Taraz» жекеменшік мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңа технологиялар дәуіріндегі мектептегі білім беруді трансформациялау» тақырыбында Best practice өтті.

Заманауи мектеп моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын талқылау мақсатында өткен шараға облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Әуелі сөз алған «125 High School» мектептер желісінің бас директоры Елжан Есетов шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды.
– Семинардың алға қойған мақсаты – мектеп басшыларының әлеуеті мен кәсіби деңгейін арттыру, біліктілікті көтеру, тиімді тәжірибелерді тарату және бөлісу. Сол себепті бұл жиыннан әріптестеріміздің алары мол деп сенемін, – деді Елжан Нұрлыханұлы.
Шара соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.