Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын бастады

0 1  111

Тараз қаласындағы №9 орта мектебінде  Балаларды қорғау күні қарсаңында «Достық» жазғы лагерінің ашылуы салтанатты өтті. Лагерьде екі кезең бойы 120 бала демалады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022 жыл- Балалар жылы» деп жариялап, «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық- бұл бізідң жалпыұлттық міндетіміз» – деп атап өткен болатын. Осы ретте балалар жылында барша жақсылықты балаларға жасағанымыз абзал.

Осы мақсатта лагерде балалардың  еркін тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьдің әр күні қызықты өтуде. Жоспарлы түрде қызықты кештер, спорттық жарыстар, театрға бару өткізіліп тұрады. Балалармен өткізіліп жатқан түрлі шаралар балалардың көңілінен шығуда.

Әр күні бір-біріне ұқсамайтын жаздың шуақты күндерін балалар да тиімді пайдалануға тырысып-ақ жүр. Бәрі ұйымдастырылған түрлі шараларға белсене қатысады. Балалардың демалысы мағыналы өтіп жатқанына ата-аналар да дән риза.

Сандуғаш Жанұзақова ,
Алтынгүл Тойганбекова,
№9 орта мектеп, Тараз қаласы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.