Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп формасы 25-30%-ға қымбаттады

0 182

Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттаған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды.

«Әр балаға кем дегенде 100 мыңдай теңге дайындау керек. Киімдер өте қымбат. 1-сыныпқа баратын ұлымның формасының өзі 40 мың теңгеден асады. Аяқ киімді 20 мың теңгеге алдық. Амал жоқ», – деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәмен Асхат.

Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды  Қырғыз, Қытай Туркиядан алдырады. Отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиетіндігін айтады.

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 пайыз қымбаттаған. Қазір базарда юбканың құны 3,5 мың мен 8 мың теңге  аралығында. Ақ көйлек 3600 теңгеден  12 мың теңгеге дейін барады.  Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге,  ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

«Туркия мен Пекиннің тауарлары қымбат. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен», – деді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.

«Алдымыздағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталуда», – деді Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды.  Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.