Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп деген – даналықтың ордасы

0 433

Қатал тағдыр қайырғандай қанатын,
Қайғырады жамылғандай қара түн.
Өмір тыныс ала алмайды мектепсіз,
Жоғалтады жұлдыздарын жанатын.

Шыбықтарды бәйтерек қып өсірер,
Шолжың өскен тотайларды кешірер.
Мектеп деген – даналықтың ордасы,
Мешеу отын надандықтың өшірер.

Тарих айтар мектеп өмір тынысын,
Таусылмайтын ғибрат толы жұмысын.
Әл-Фараби ғұламадан басталған,
Ұлағатты ұстаздардың ұлы ісін.

Миға құяр білімнің құт, ырысын,
Мақтан етем мектеп өмір тынысын.
Мұғалімдер даярлаған қашанда,
Дауылдарға қарсы тұрар құрышын.

Арқалатып парасаттың құндағын,
Аралатар заңғар білім нұр бағын.
Ақыл-ойын оқушының арайлап,
Ашқызады тіршіліктің жұмбағын.

Жас шағынан арман қуған жүректер,
Ертең бақыт жолын табар түлектер.
Туған жерге тер төгуге құлшынып,
Бұлқынады бұлшық етті білектер!

Жөңкерілген күздің қара бұлтындай,
Жылжыр уақыт күндіз-түні бір тынбай.
Артта қалар айлар, жылдар, ғасырлар,
Көшіп кеткен елдің ескі жұртындай.

Умида Азахунова,
А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім
беретін тірек мектебінің 8-сынып оқушысы,
Меркі ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.