Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мейірім мен ізгіліктің мерекесі

0 306

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Шуақты көктемнің жан жадыратар мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын!
Бұл күн – ізгілік пен жанашырлық, мейірім мен махаббат көрініс беретін керемет күн.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кеңпейіл қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді осынау тамаша мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Тарихы сан тарау, тамыры терең көне Таразда тағдыр тоғыстырып ғұмыр кешіп жатқан баршаңызға мың алғыс!

Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.