Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мадриттік «Реал» «Барселонаны» ойсырата жеңді

0 158

Мадриттік «Реал» Испания чемпионатының 10-турында «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді. Ойын Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Реал Мадрид» командасының ойыншылары Давид Алаба (32 минутында) және Лукас Васкес (90+4 минут) гол соқты. «Барселона» ойыншысы Серхио Агуэро (90+7 минутында) жеңімпаздар қақпасында гол салған. Хорватиялық қорғаушы Лука Модрич мадриттік «Реалдағы» 400–матчін өткізді. Ал Алаба мен Агуэро өз клубтарындағы алғашқы голдарын салды.

«Реал» «Барселонаны» қатарынан 4-рет жеңді. Соңғы рет «Барселона» «Реалды» 2019 жылдың 3 наурызында жеңген болатын. Жексенбі күні өткен кездесу қос команда арасында 247 матч болды. Эль-Классиконы «Реал» 99 рет, «Барселона» 96 рет жеңген, қалған ойындарда есеп теңбе-тең түсті.

2007 жылдан бері Эль-Классико алғаш рет аргентикалық Леонель Мессидің қатысуынсыз өтті. Месси «Реалға» қарсы 45 ойын өткізген.
Жеңіс нәтижесінде «Реал» 20 ұпай жинап, кестеде бірінші орынға көтерілді. 9 кездесу қорытындысы бойынша 15 ұпаймен «Барселона» 8-орынға тұрақтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.