Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мағжанның өшпес мұрасы

0 342

Аянат Мақұлбек,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«Дарын» лицей-интернатының оқушысы

Өлеңдері өн бойыма өң берген,
Рухты берген, ұлы ақын дем берген.
Мағжан ата – маңғаз жырдың иесі,
Талай қазақ жырларыңнан емделген.

Сұм дауылдай өлеңдерің қуатты,
Ашқан солай жас дарынды, бұлақты.
Мойымаған мойнында жүк тұрса да,
Кешірсе де басынан көп сынақты.

Жазған талай поэмалар, көп еңбек,
Ұрпағына тұрған дәйім елеңдеп.
Өлмейтұғын сөз қалдырған артына,
Мағжан атам «Мен жастарға сенем»
деп.

Күн де болып болашаққа нұр шашты,
Сыр сандықтан салмақты ой,
сыр ашты.
Өсіп келе жатыр сенің ұрпағың,
Саған қарап бой түзеді, қыр асты.

Жан дүнием сағыныштан күй ұқсын,
Алла сені бізге берген сый ғып шын.
Ұлы Абайдан кейін тұрар орының
Мағжан ата, сен әрдайым биіксің!

Жебеп жүргей жігеріңмен жандырып,
Есіміңді жырға қостық, ән қылып.
Мағжан ата – мақтанышы қазақтың,
Жасай берер өлеңдері мәңгілік!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.