Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

0 209

Маңғыстау облысында әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың бұлтартпау шарасы «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы «үйқамаққа» өзгертілді.
Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі 4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы хабарланды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын жеткізуді Ғалымжан Ниязов қадағалаған.

1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары бағаны төмендетуді талап етіп наразылық танытты. Нәтижесінде үкіметтік комиссия белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары  Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.