Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Маған мәңгілік қал дейтін»: Нұрсұлтан Назарбаев президенттік мансабын тоқтатуға қай уақытта шешім қабылдағанын айтты

0 1  023

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметінен кетуге қай уақытта шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше, 1 желтоқсан күні республикалық телеарналардың эфирінен Елбасы туралы «Qazaq: Алтын адамның тарихы» көп сериялы фильмі көрсетілді. Сұхбатпен өрілген фильмді белгілі режиссер әрі журналист Оливер Стоун түсірді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Президенті қызметінен өзінің мансабының шыңына жеткен уақытта кеткенін атап өтеді.

«Мені мәңгілік президенттікте қалдыру туралы әңгімелер болды. Мен әрине, мұнымен келіскен жоқпын. Мүлдем кетуді ойладым. Ал маған керісінше: «Мәңгілік қал» дейтін. Ал мен оларға: «Қала алмаймын, дұрысы сайлау өткізейік. Мен Қауіпсіздік Кеңесінің, саяси партияның басшысы ретінде қалуға және сол арқылы елдің дамуына атсалысуға дайынмын», — дедім.

Осылайша, бір келісімге келіп, Конституциялық заңды қабылдадық. Біздің Парламентіміз, Конституциямыз бен заңдарымыз. Солардың көмегімен мен өз мәртебемді жүзеге асырамын», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылық ету қызметіне араласпайды.

«Мен араласпаймын. Оған кедергі келтірмеймін. Керісінше, мен оған қажет кезде кеңесші ретінде көмек беремін. Билік президенттің қолында», — деп қосып өтті тұңғыш президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.