Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Құм арасында ойнаған»: 5 жасар қыздың тағы бір ізі табылды (ВИДЕО)

0 100

Қостанай облысына қарасты Жамбыл ауылында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары әлі жалғасуда деп жазады turkystan.kz.

10 тамыз күнгі сағат 00:20-дағы жағдай бойынша тың ақпараттар тарады. Айта кетейік, бұл жаңалықтар баланы іздеп жүрген еріктілердің әлеуметтік желідегі жарияланымдарына негізделіп отыр.

Мәселен, бойында аутизм белгісі бар баланы іздеп жүрген еріктілердің бірі Асылан Кенжетай әрбір қылт еткен жаңалықты алаң көңіл ағайынға оқиға орнынан тікелей хабарлап отыр. Жаңа ғана оның Instagram-дағы парақшасында тың дерек жарияланды. Жүгері алқабынан басқа маңдағы шөп арасында орналасқан (үйілген болуы да мүмкін) құмда жалаңаяқ баланың іздері анықталды. Ол жерде басқа адамдардың ізі жоқ. Сондықтан құтқарушылар бұл маңда жоғалған бала ойнаған деп болжам жасап отыр.

 

Дәл қазір ауыл әкімдігі ауыл іргесіндегі барлық көліктерді үйлеріне қайтарып жіберді. Олардың айтуынша у-шу мен адамның көптігі баланы одан сайын шошытуы мүмкін. Сәйкесінше, іздеу жұмыстарын мамандар арнайы жарық шамдарымен жалғастырмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.