Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметін дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі ету, тұлғаның мұрасын жаңғырту мақсатында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Шараға филология ғылымының докторы Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев, филология ғылымының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы, әдебиеттанушы Бақытжан Махашев қатысты.
Жиында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары Д.Қонаевқа арналған жыр шумақтарын оқыды. Сондай-ақ Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қоры Жамбыл облыстық бөлімшесінің қолдауымен жарық көрген «Қонаев қоры: тарих және тағылым» кітабының тұсауы кесіліп, арнайы кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Кештің арнайы қонағы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншісі Бақыт Шағырбаев ән шашуын сыйлады.