Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттың мәйегі – мәдениет, тұғыры – тіл

0 401

Мәдениет жайлы сөз қозғағанда, оны тілден бөліп қарастыра алмайтынымыз анық. Бұл екеуі бүгінде біртұтас ұғымға айналып кеткен. Себебі мәдениет пен тіл – ұлтымыздың тірегі, жаны, нышаны және халқымызды ұйыстыратын ұлы күш. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл – отаншылдықтың басты белгісі», – деген еді.

Осыған орай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы ел бірлігін күшейту, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында шаһарда бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Айталық, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 1 065 мәдени іс-шара өткізіп, оған 103 237 адам қамтылған болатын.
Атап айтқанда, қаланың жас өнерпаздарының қатысуымен балалар үйінде тәрбиеленушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында «Бар мейіріміміз балаларға» атты іс-шара, әлеуметтік желідегі «Тұлға time» бағдарламасында профессор, өнер және мәдениет кефедрасының меңгерушісі Кабиева Айгүл Қабиқызымен кездесу, «Дін – тәрбие діңгегі» және «Ертеңі жоқ есірткі» тақырыптары бойынша подкаст, Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты мерекелік концерт, жас өнерпаздарды қолдау мақсатында қала жастарының «Үйде» жобасының концерттік бағдарламасы, «Кішкентай ханзада», Ж.Жабаевтың 178 жылдығына орай «Жамбыл – жырдың қайнары» байқауы, «Тараз таланттары» байқауына іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.
Сонымен бірге 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Гүл жайнаған нәзік жандар» атты мерекелік шара, Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Асыл әже» атты мерекелік концерттік бағдарлама, мереке күні түрлі салада қызмет атқаратын әйелдерге арнайы гүл шоқтары таратылды, «Қайырымдылық» күніне орай Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында «Бақытты балалық шақ» атты қалалық өнер байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің мерекелік концерті, «Әз Наурыздың бастауы – Көрісу күні» мерекесіне арналған концерт, шалғай аудандарда (Құмшағал) «Наурыз жаршысы» атты мерекелік шара, «Ұмыт болған оюлар» құрақшылар арасында фестиваль, «Ер қаруы – бес қару» ұлттық ойындар фестивалі, Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Ар ма, әз Наурыз?» мерекелік мәдени көпшілік іс-шара, қалалық мәденит үйінде «Екі жұлдыз» атты қалалық әншілер байқауы, «Кел, билейік» ұлттық би фестивалі, қалалық «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық жарысы, сурет көрмесі, «Елдің сәні – ерке балғындар!» атты ойын-сауық бағдарламасы, Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форумы, ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер» атты білімділер сайысы, «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, ҚР Мемелекеттік рәміздер күніне орай кіші футболдан 2006-2010 жылғы аула командалары арасында Тараз қаласы әкімі Кубогының марапаттау рәсімі, қалалық мәдениет үйінде «Номад лигасы» жайдарман ойындары, «Мәдениет Battle» Winner-брекинг би түрінен байқауы, А.С.Пушкиннің туған күніне орай еске алу кеші, 15-мөлтекауданында «Әлі ата» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі, қалалық мәдениет үйінде жазғы лагерьде демалушы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мультфильмдер топтамасы ұсынылды, «Үздік қолөнерші» қалалық байқауы, «Берікқара» жазғы сауықтыру лагерінде «Жайдарлы жаздан естен кетпес естелік» атты балаларға арналған іс-шара, Сот және сот қызметкері күніне орай салтанатты жиын, марапаттау, концерттік бағдарлама, Ардагерлер кеңесімен бірлесіп қалалық «Батаменен ел көгерер» атты ардагерлер арасындағы байқауы, «Көне Тараз» кешенінде БАҚ өкілдері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Сонымен қатар бөлім пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен қала әкімдігінің спорт бөлімімен бірлесіп велошеру ұйымдастырды. Әрі 16 сәуір күні бөлімге қарасты Абай атындағы орталық кітапханасы қалалық №1,2,3 пробация қызметі есебінде тұрған жазасын өтеушілермен «Ұлт тарихының көркем шежіресі» атты әдеби шолу өткізілсе, 14 маусым күні №1,2,3 пробация қызметі есебінде тұрған жазасын өтеушілермен бөлім «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
Сондай-ақ халықтың кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық жобасы шеңберінде Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде оқырмандар арасында отандық әдебиеттердің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, осы жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау, «Кітап оқы, талқыла, суретте», отбасылық оқу дәстүрін дамыту, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал жасау мақсатында «Кітап және отбасы», жастарға үлгі болар, өлкемізде әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген өз ісінің мамандары мен елімізге танымал тұлғалармен оқырмандарды кездестіру, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, сала бойынша әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Киелі өлкенің кілті – біздің қолымызда», «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Жастар – кітап әлемінде» жобалары және өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сонымен бірге «Берікқара» жазғы сауықтыру лагерінде Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Түрлі ойындар мен викториналық сұрақтар лагерь демалушыларына ұсынылып, М.Әуезов атындағы кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Mereke Street» балалар аллеясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар кітапхананың кіші кино залында балалар мультфильм тамашалады.
Жасыратыны жоқ, кейбір азаматтардың кітап оқымауы, газет-журналға жазылмауы мүмкін. Бірақ барлығы көшедегі жарнаманы міндетті түрде көреді, оқиды. Көрнекі дүние адамның есінде міндетті түрде қалады. Сондықтан жарнама мәтінінің сауатты болуы өте маңызды екенін айта отырып, жарнама берушілерден көрнекі құралдарындағы мәтінде сауатты, қате кеткен жағдайда түзетуге дайын болып, бірлесе жұмыс істеуді жолға қойып отырмыз.
Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі әдеби нормалардың бұзылуын жою жөніндегі шаралар ретінде ақпарат мәтіндерін әзірлеушілерге әдістемелік және консультациялық көмек жыл сайын артып, күшейтілуде.
Бүгінгі күні қала көшелеріндегі нысандарда орналасқан жарнамалардың мәтіндеріндегі қателіктердің алдын алу мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесіп, жеке кәсіпкерлер жарнаманы орналастыруға рұқсат алуда мәтіндерін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісуде. Өткен жыл бойы жүргізілген айлық, зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірқатары түзетілді.
«Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деп Абай атамыз айтқандай,

тілді білген ешқашан артықшылық етпейді. Күннен-күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылап, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қазақ тілі татулығымыздың тірегіне айналғаны рас. Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы – қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болады. Мәдениет тек ән айтып, би билеумен ғана шектелмейді. Оның дамуына кітапхана қызметінің де қосып отырған үлесі зор. Қазіргі жаһандық өзгерістер кітапханалар алдына жаңа бағыттар мен жұмысты ұйымдастырудың тың әдіс-тәсілдерін талап етеді.
Ал жадыраған жаз айларында қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру, балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында демалыс саябақтарында: «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық жарыс, сурет көрмесі, асфальтқа сурет салу байқауы, «Елдің сәні – ерке балғындар!» атты ойын-сауық бағдарламасы, Тұңғыш Президент саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форумы, «Мемлекеттік рәміздер» атты білімділер сайысы, «Номад лигасы» жайдарман ойындары, «Мәдениет Battle» Winner-брекинг би байқауы, А.С.Пушкиннің туған күніне орай ескерткішінің алдында еске алу шарасы, «Батаменен ел көгерер» атты ардагерлер арасындағы байқауы, Ұлттық домбыра күніне орай «Жеңіс» саябағында «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты домбыра-party, «Домбыра күмбірлеген қоңыр саз» атты әдеби-сазды кеш, Астана күніне орай «Елорда – елімнің мақтанышы» атты асфальтқа сурет салу байқауы, «Еңселі Елордам» атты қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерттік бағдарлама, Қ.Рысқұлбеков саябағында ардагерлер арасында ретро би кеші, «Жеңіс» саябағында «Жазғы vibe» жастар фестивалі, Т.Рысқұлов саябағында, «Денсаулық» аллеясында «Кітапхана – қазыналы әлем» кітаптар шеруі, «Кітап – асыл қазына» кітап көрмесі, Қ Рысқұлбеков атындағы саябағында «Тұғыры биік тұлғалар» көрме-кеңес, «Жастар және кітап әлемі» кітап көрмесіне шолу, «Жеңіс» саябағында «Еліміздің бақ ордасы – Астана» көрме-деректер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ шағынаудан тұрғындарына арнап әр аптаның жұма күндері «Көңілді кеш» атты мәдени іс-шарасы өткізіліп тұратын болса, жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалушы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мультфильм көрсетілімі, «Жайдарлы жаздан естен кетпес естелік» атты балаларға арналған түрлі мәдени іс-шаралар, байқаулар, фестивальдер өткізілуде.
Айта кетейік, мәдениет бөлімінің жаз айларында саябақтарға, жазғы сауықтыру лагерьлеріне арналған жоспары бойынша іс-шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Әрі алдағы күндерде өтетін іс-шаралар жайлы хабарландырулар «Taraz_Madeniet» Instagram, «Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі» Facebook парақшаларында жарияланып отырады.
Түйіндей айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі алдағы уақытта да шаһар мәдениетін дамыту жолында жүйелі жұмыстар атқарып, жаңа белестерге көтеріле бермек.

Бақыт ТОҚСАНБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.