Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық мүдде – ұрпақ игілігінде

0 347

Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасын Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі белсенді іске асырып келеді.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген. Бағдарламаның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы қала деңгейінде 245 іс-шара өткізіліп, оған 24327 адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік мекемелердің ресми сайттарында, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған. Сонымен қатар жергілікті БАҚ-тың баспа беттерінде 72 мақала жарық көрді. Бөлімнің жоспарына сәйкес бүгінгі күні 25 іс-шара іске асырылып, 26581 адам қамтылды. Ал қала мектептерінде 489 іс-шара өткізіліп, 51786 адам қамтылды.

Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. Осыған байланысты мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайтын 67 баннер, 161 стенд, 339 бұрыш ұйымдастырылып, 12 «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс жасауда.

Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру бағытында білім бөлімінің «Әдебиет әлемінде», «Жалын», «Жас экскурсия жүргізуші», «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек», «Сайын даланың саңлақтары» және «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты арнайы жобалары құрылып, іске асырылуына жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қарастырылып бөлінді. Жобалар «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобалары аясында іске асырылуда.

Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасуына бағдарламаның беретін мүмкіндіктері өте көп. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуына ықпал ететін «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2018-2019 оқу жылында мектептерге «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары 7-8 сыныптарға енгізілді. 7374 оқушы туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен танысып, өз еліне деген патриоттық қасиеттерін аталған сабақтар аясында қалыптастыра алды.

Барлық білім беру мекемелерінде 5-7 сынып оқушыларымен Тараз қаласының мұражайлары, тарихи-мәдени ескерткіштері мен кітапханаларында мұражай сабақтары ұйымдастырылып, барлығы 20532 оқушы мектептен тыс жерлерде білімдерін кеңейтті. Нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор екендігі тәжірибеде айқын көрінеді.

Мектеп оқушылары каникул және жазғы демалыстарында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында еліміздің киелі, тарихи мол, сұлу, әсем жерлеріне саяхаттады. Ата-аналардың қолдауымен «Оңтүстік Қазақстанды танып біл!» атты іс-шарасы бағытында Түркістан, Шымкент қалаларына экскурсиялық турмен 5-10 сыныптың 742 оқушысы саяхатқа шықты.

Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуіміз үшін қазіргі жастар тарихы тереңде жатқан халықтың өткенінен тағылым алып, келешегі жарқын болуы үшін тәуелсіз еліміз берген барлық мүмкіндікті мүлт жібермеуі керек. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін кітап оқуға деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында №30 мектеп-гимназиясында салтанатты түрде «Коворкинг» орталығының ашылуы өтті. Ашылған орталық мектеп оқушыларының білімінің көтерілуіне үлкен үлесін қосады деп сенеміз.

«Кітап оқып, миллионер бол!» бірегей қалалық жобасын іске асыруда мектеп кітапханалары белсенді қатысып, оқушыларды ынталандыра отырып, қолдау жасады. Әлеуметтік желілер арқылы да оқушыларды барынша тарта алды, байқауға қатысуына ықпал етті. Қалалық «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен жас зияткерлердің «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауының нәтижесінде №№7, 10, 12, 30, 31, 39, 54 орта мектептің оқушылары жеңімпаз атанып, ақшалай сертификаттар табысталды. Ал жүзден жүйрік шыққан №45 гимназияның 9-сынып оқушысы Қазына Әбдісейіт әдеби кітаптар оқып, байқаудың миллион теңге сыйлығын жеңіп алды. Бұл жастардың кітапқа деген қызығушылығы мен махаббатының күшейгендігінің көрсеткіші деп білеміз.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселелер біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

Мүбарак Жинақбаева,
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.