Қалалық қоғамдық-саяси газет

Лизингке трактор алды…

0 439

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге көңіл бөлініп, шаруалар мен кәсіпкерлерге кәсіптерін дөңгелетуге мүмкіндіктер ұсынылып отыр,-деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz»ақпарат агенттігі.

Үкімет берген жеңілдіктерді ұтымды пайдалану ұзақ уақыт пен қаржыны қажет ететіндігіне қарамастан, ауыл шаруашылығымен айналысамын деушілердің саны артып келеді.

Әсіресе, аймақтардағы ауыл тұрғындарының мал және егін шаруашылығымен айналысуға ынталары жоғары. Өйткені олар мал бағудың, егін егудің қыр-сырын көріп өскен, ауыл тынысын жақсы біледі.

Ауыл шаруашылығында үлкен мәселелердің бірі – техника, ал өнімділікті арттырудың бір жолы – сапалы әрі үздік техника.

Агроөнеркәсіп кешенін аяққа тұрғызудың, ел экономикасын қарқынды дамытудың тиімді тетігінің бірі – лизингтік қызметтің жүйелі жолға қойылуы.

2000 жылдары аталған салаға мемлекет барынша көңіл аударып, лизингтік қызмет түрі қайта жандана түскені белгілі.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстандық лизинг нарығында жұмыс істейтін компанияларға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, соның есебінен лизингтік несиенің белгілі бір пайызы субсидиялана бастады.

Осының арқасында еліміздегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникалары мен басқа да жабдықтарының жаңаруына мол мүмкіндік туды.

Лизингтік қызметтің бізге белгілі тұсы осы.

Осындай мүмкіндікті қалт жібермеген Сарысу ауданы,
Түркістан ауылдық округіне қарасты «Үшбас шаруа қожалығының төрағасы Кемалов Тауіржан БЕЛАРУСЬ-920 тракторын 8 млн. 350 мың теңгеге, 6 млн. теңгеге пресс-подборщик, КУМ агрегаттарын қосымша құрылғыларымен ‘КазАгроФинанс» арқылы лизингке алды.

Мемлекет тарапынан берілген тиімділікті пайдаланған шаруа өзге шаруаларға жол сілтеп, өз ризашылығын білдіруде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.