Тараз қаласындағы №11 орта мектепте Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерлігіне тағзым етіп, ескерткіш-бюстіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.
«Әлия ерлігі – өшпес тарих» тақырыбындағы шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, осы бөлімнің әдіскері Марина Алиева, мектеп ауласына батыр қыздың ескерткіш-бюстін орнатқан Серік Алибаев, мүсінші Темірхан Төлжігітов, ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Оқушылар ерлік пен батырлықтың символына айналған Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюсті алдында ержүрек қыздың ерлігін жырлаған әндер орындап, батырдың мектебімізде оқығанына тоқталып, өлең шумақтарын оқу арқылы ерлікке тағзым етті. Сондай-ақ ескерткіш-бюстке гүл шоқтары қойылып, жиналған қауым батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Айнура МАХАЕВА,
№11 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының
міндетін атқарушы