Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік саланың әлеуеті артып келеді

0 1  409

Жыл басынан бері Жамбыл облысында 65,7 мың, оның ішінде 49,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

– Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын» құру тапсырмасы аясында13 454 жұмыс орнын құру жоспарланып, нәтижесінде 17,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 56 мың адам қамтылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 144,8 мың адамға кеміді. Ағымдағы жылы Тараз қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталығы ашылып, Аутизмі барбалаларды қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары пайдалануға берілді, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.