Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік дүкеннің әлеуеті мол

0 96

Әулиеата өңірінде халыққа базар нарығынан төмен бағада өнім ұсынатын әлеуметтік дүкендер желісі көбейіп келеді. Оның ішінде Жамбыл ауданында қазіргі таңда ауданда 4 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды.

  1. Аудан орталығында жеке кәсіпкер «Мәңгілік» басшысы Б.Нүпбаев әлеуметтік дүкен жұмыс атқаруда. Дүкенде әлеуметтік маңызы бар тауардың 16 түрі бар. Аумағы – 35 шаршы метр.
  2. Аса ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Т.Төлегеновтің келісімімен 2021 жылы 10 мамырында ауылдық округ аумағынан «Арна» әлеуметтік дүкені ашылды. Дүкенде әлеуметтік маңызы бар 14 түрлі азық-түлік түрі қамтамасыз етілген.
  3. Айша бибі ауылдық округінен жеке кәсіпкер Ұ. Байқонысова «Заңғар» әлеуметтік дүкені 2021 жылы 5 маусымында ашылды. Дүкенде әлеуметтік маңызы бар тауардың 14 түрі бар.
  4. Гродиково ауылдық округінен ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер «Сулейменова М» басшысы Т. Аманжоловтың келсімімен 2021 жылы желтоқсан айында ашылды. Аумағы 60 шаршы метр. Дүкенде әлеуметтік маңызы бар тауардың 15 түрі қамтылған.

Барлық әлеуметтік дүкендер Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының әлеуметтік дүкендер тізіліміне енді.

 Әлеуметтік дүкен дамыту бойыша жеке кәсіпкер Б.Нүпбаев «Даму» қорынан кепілсіз 5 млн.теңге несие алған.

Гродиково ауылдық округінен жеке кәсіпкер М.Сулейменова басшысы Т. Аманжолов тұрақтандыру қорынан 0,01%-да пайызбен 4,5 млн.теңге несие алды. Сонымен қатар кәсіпкер 20,0 млн тенгеге құжаттарын рәсімдеуде.

Жеке кәсіпкер Ұ. Байқонысова несие мерзімі бір жылға берілетіндіктен, ондай көлемде айналымының болмауына байланысты несие алудан әзірге бас тартуда.

Жыл басынан «Тараз» ӘКК  108,3 тоннаға 12 өтінім жолданды. «Тараз» ӘКК алынған тауарлар көлемі 40,05 тоннаны құрады.

Аудан бойынша сиымдылығы 33789 тоннаны құрайтын картоп, көкөніс және жеміс сақтайтын 112 қойма бар.

Оның ішінде: 100 тоннаға дейін 73 қойма 3 929 тоннаға, 101-500 тоннаға дейін 23 қойма 6 030 тоннаға, 501-999 тоннаға дейін 5 қойма 3 380 тоннаға, 1000 тоннадан жоғары 11 қойма 20 450 тоннаға.

Мұздатқышы бар 65 қойма бар.

Оның ішінде: 100 тоннаға дейін 53 қойма 2 739 тоннаға, 101-500 тоннаға дейін 7 қойма 1 600 тоннаға, 501-1000 тоннаға дейін 2 қойма 1 320 тоннаға, 1000 тоннадан жоғары 3 қойма 5 800 тоннаға.

Мамандандырылған мұздатқыштары бар 11 459 тоннаны құрайтын 65 қойма бар. Оның ішінде «Fruits Line» ЖШС-ның 3000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы қызмет көрсетеді. Қоймаға өнімді сақтау бағасы 1 айға 4-6 теңге шамасында. Қалған қоймалар өз шаруашылығынан жиналған өнімдерді сақтайтын қоймалар.

Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы №532 қаулысымен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінінің ережесіне әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының сауда үстемесі мөлшерлемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу туралы функциялар белгіленді. Тиісті жұмыс жоспары әзірленді.

Қазіргі таңға аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге тұрақтандыру жөнінде аудан әкімдігімен кәсіпкерлер арасында 17- меморандум жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.