Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтің әл-ауқаты – ұдайы назарда

0 764

Бүгінгі күнге облыс бойынша 8,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасып отыр. Тұрақтандыру қорын қосымша қалыптастыру үшін 3000 тонна 1-ші сұрыпты ұн, 60 тонна қарақұмық жармасын және 500 тонна қант сатып алу үшін конкурс жарияланды. Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорында 1 айлық қор қалыптасқан.

Бұдан бөлек, оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністермен облысты қамтамасыз ету мақсатында келісім шарттар жасалынды қырыққабат – 40 тонна, сонымен қатар пияз және сәбіз сатып алу үшін келісімшарт келісуде.

Облыстағы халықтың әлеуметтік-осал топтарын қолдау үшін 32 әлеуметтік дүкендер мен павильондардың (Тараз қаласында 16 дүкен және аудан орталықтарында 16 дүкен) жұмысы жалғасын табуда. Әлеуметтік дүкендерде негізгі азық-түлік тауарлары 20 пайызғы төмен сатылуда.

Жыл басынан бері сауда үстемесін бұзуға жол берілмеу мақсатын мониторинг топтар 1402 үй іргесіндегі дүкендерге басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Сонымен қатар үстемені көтермеу туралы облыс бойынша 2000-нан астам ірі және орта сауда желілерінің ішінде 490 меморандум жасалынып жұмыс ары қарай жалғасуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары шекті мәндерінен 15%-ға 30 күнтізбелік күннен асқан жағдайда, белгіленген тәртіппен уәкілетті комиссия шешімімен шекті баға мөлшерін бекітеді.

Қорыта айтқанда, биылғы жылы өндіріс орындары мынандай жаңа өнімдер шығаруда:

  • «Жамбылгипс» АҚ гипсокартон өндірісін;

  • «Джон Бан МеталлПром» ЖШС мырыш тотығын;

  • «Тараз арматуралық зауыты» АҚ құрылыс арматура өндірісін іске қосуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.