Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өлетін адам ерекше болады дейді»: Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын еске алып, елді жылатты

0 591

Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын еске алды. Әнші бауырының өмірде ашық-жарқын адам болғанын айта келе, оған деген сағынышын жеткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бүгін аман болса, жанымның бір бөлшегі, Біржан бауырым 39 жасқа толар еді. 23 жасында қыршыннан қиылды. Артында ұрпағы қалмады. Содан бері 15 жыл 15 күндей зымырап өтіпті. Кейде мен оның есейген шағын елестеткім келеді.  Казір тірі болса, келіншегі, балалары қандай болар еді деп ойлаймын. Өлетін адам ерекше болады дейді ғой. Ол – аңқау, ашық, жайдары, ертеңгі күнін ойламайтын асқан жомарт жігіт болатын. Естуімше, қарызды беріп тастап, оны қайтаруды ойламайтын”, – деп жазды әнші.

Түсіпбаева артынан ерген інілеріне қамқор болғанын айта келе, марқұм інісінің мінезі жайлы сөз етті.

“Мен, соңымнан ерген 3 ініме де қамқор бола білдім. Оқуларын төлеп, жұмысқа тұрғызып дегендей. Өз басым, қарыз алып қайтармайтын адамдарды жек көргендіктен, бір күні Біржанға ұрсып, жалақы картасын тартып алдым. Аңғалсың, ертең отбасыңды қалай асырайсың дегенімд “картамды жұбайыма беріп қоямын” дегені есімде. Уақыт емші дегенмен оның жазалмайтын жаралары болады-ау. Иманды бол, бауырым”, – дейді Меруерт ханым.

Әнші уақыт өтсе де келмеске кеткен жақыныңды ұмыту мүмкін емес екенін айтты. Оған деген сағыныш жыл өткен сайын ұлғая береді деп меңзеді.

“Дәл осы күні біздің Біржан өмірге келген секілді. Уақыт емші дейді. Бірақ оған сенбеймін. Адам қайтыс болған жақынын қайта көре алмайтынын түсінгеннен кейін үмітін үзеді. Ал ол туралы естеліктерін еске алып іштей тұншыға береді. Уақыт өте ол туралы ойлаудың түк мәні жоқ екенін ұғына бастайды. Оның қайтып келмесі ақиқат қой. Әрі қарай құр бос өмір қалады”, – дейді Түсіпбаева.

Желі қолданушылары қайырлы болсын айтып, сабырлық тіледі.

“Меруерт ханым, уақыт емші дегенмен ол уақыт сол жақын адамдарымыздың қайтып келмейтіні үшін ғана емші болар-ау. Ол жаққа да жақсы адамдар керек дейді”, “Өте керемет бала еді. Алғашқы дайындық курсын оқып жүрген кезінде жақынырақ біліп едім. Иманды болсын. Ол «жаққа» да адал, жүрегі таза жігіт қажет болған ғой”.

“Мен де дәл сіз секілді туған інімнен 23 жасында айырылып қалдым. Үйленіп те үлгермеді. Аңғал, балажан еді. Айлық алатын карточкасын ата-анама беріп қоятын. Ол ақша дегенге қызықпайтын еді. Биыл 5 жыл болды арамыздан кеткеніне. Уақыт емдемейді, әлі күнге іздейміз, сағынамыз. Тек күйбең тірлік сәл-пәл ұмыттырғандай болады. Бірақ жүрек шіркін бауыр дегенді ұмыта алмайды екен. Сарғайған сағынышпен өмір сүріп жатырмыз”.

“Бауырыңыздың тәңірі алдынан жарылқасын. Алла рахымына алсын. Қабір сұрақтарынан сүріндірмесін. Бауырыңыздың рухы өздеріңізге медет болсын, әрдайым амандықта болыңыздар”, – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.