Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлемді өзгерт!

0 12

Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Älemdі Özgert» атты үздік жобалар байқауы өз жеңімпаздарын анықтады. Бұл шара Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілді.

«Жас келсе – іске» демекші, соңғы кезде өңіріміз жастарды қолдау мақсатында бірталай іс-шараларды жүзеге асыруда. Биыл да қалыс қалмауды жөн көрген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Älemdі Özgert» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған үздік 4 жоба авторларына ақшалай сыйақы мен мақтау қағазы табысталды. Олар «Әлеуметтік бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Б.Асқар, «Құқықтық бағыт мәселелері» номинациясы бойынша «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Д.Берекеева, «Экологиялық бағыт мәселелері» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Ш.Жүсіпов, «Әскери бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Е.Юсупов жеңімпаз деп танылды. Үздіктер қатарынан табылмаған жастар да іс-шарадан құралақан қайтпады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа байқаудан тыс қалған 11 жас дарынды ынталандыру мақсатында естелік статуэткамен марапаттады.

– Жобаның жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Байқауға барлығы 15 жоба ұсынылды. Тақырыптар бойынша үздігін анықтау қиын болды. Студенттер мен жастардың жұмыстары жан-жақты сараланып, талқыға түсіп, жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталды, – деді басқарма басшысы.
Мұхаммедқали КӨБЕЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.