Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұландықтар жалпыұлттық референдумды қолдайды

0 605

Жаңа Қазақстанды қалыптастыру идеясы ең әуелі жалпыұлттық бірлікті нығайтып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған. Ал референдум – оны іске асырудың бірден-бір жолы. Осындай маңызды идеяны жүзеге асыруда халықты барынша ақпараттандыру мақсатында Таразда «Ұлан» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Оразкүл Асанғазы, Тараз қалалық штабының мүшесі Жанар Орынбаева және «AMANAТ» партиясы Тараз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Уәлихан Байдуанов қатысты.
Кездесуде музыка мектептерін ашу, шет елдерден келген азаматтардың ел аумағына кіруі, әйелдердің зейнет жасына байланысты мәселелерді қарастыру туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, жиналған қауым референдумда дауыс берушілер ретінде өзгерістерді қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік алатынын атап, үлкен сенім білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.