Қалалық қоғамдық-саяси газет

Корпорация ұжымы – тазалық жұмысына табандылық танытты

0 942

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері «Бәйтерек» ықшам ауданындағы Сағадат Нұрмағанбетов көшесінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысқан корпорация ұжымы көше бойындағы қоқыстарды тазалап, тал-дарақтарды ақтады. Сондай-ақ аталған көше бойындағы каналдың жағалауын қоқыстан тазалап, су көзін ашты.
Осылайша, Сағадат Нұрмағанбетов көшесінің бойын толық қамтыған «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.