Қалалық қоғамдық-саяси газет

Корея Республикасына сапар: Мемлекет басшысының қатысуымен жаңа фильм жарияланды

0 176

ҚР Президентінің телерадио кешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары жайлы жаңа фильм түсірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында стратегиялық серіктестік мығым іргетасы қаланған. Екі елді тек экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге көп жылғы ортақ тарих та біріктіреді. Елдер болашаққа көз сала отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Қазақстанға Оңтүстік Корея тарапынан инвестиция көлемінің арта түсуі бұған дәлел бола алады. Автомобильдің өндірістік базасын құру, цифрлық экономикаға инновация, мәдени байланыстарды кеңейту – бұл «Ынтымақтастықтың «самал желі». Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары қорытындысы бойынша ҚР Президентінің телерадио кешені түсірген жаңа фильмді YouTube-арнамыздан көріңіздер», – деп хабарлады ҚР Президентінің телерадио кешені Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапар жасаған болатын.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.