Қалалық қоғамдық-саяси газет

Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» футболшылары Кипрден көңілсіз қайтты

0 139

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды деп хабарлады turkystan.kz.

Ойындағы жалғыз гол 27-минутта соғылды. Эфремнің «Қызыл-Жар» қақпашысының төбесінен асыра салған добы кездесудің тағдырын шешіп берді. Бұдан кейін де алаң қожайындары қайта-қайта шабуыл жасағанымен есепті өзгерте алмады. Ал қазақстандық клубтың футболшылары қарсыластың қақпасына қарай жақындай алмай-ақ қойды. Алда әлі жауапты кездесу бар. Іріктеуден кімнің өтетіні Нұр-Сұлтанда болатын матч кезінде шешіледі.

АПОЭЛ (Никосия, Кипр) – «Қызыл-Жар» (Петропавл, Қазақстан) 1:0 (1:0)

Гол: Эфрем. 27 минут (1:0)

Төреші: Ламбрехтс (Бельгия)

4 тамыз. Никосия. «ГСП» стадионы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.