Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коменданттық режимді қатаң сақтайық!

0 236

Біз Қазақстан дейтін киелі шаңырақтың астында отыз жылдан бері алалау дегенді білмей, бейбіт өмір сүріп келеміз. Еліміз егемендік алған жылдарды еске түсірейікші. Елбасы бастаған көштің қайда апаратынын көпшілік болжап білмесе де, келешегіміздің кемел болатынына сенім артты емес пе? Елбасы сол сенімді ақтай білді. Еліміз әлеуметтік-экономикалық ахуалы жағынан нығайып, қуатты мемлекетке айналды. Өркениетті елдердің қатарына қосылдық. Расында, өткен отыз жылдың шеңберінде жыртығымыз бүтінделіп, жоғымыз түгенделді. Бұл жетістікке еліміз, біріншіден, бірлік пен тұрақтылықтың, екіншіден, Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарлы қадамдарының нәтижесінде жеткені баршамызға мәлім. Осы жолда небір соқтықпалы-соқпақты, сындарлы кезеңдерді бірге еңсердік. Түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында мамыражай өмір сүруі де бірлік пен тұрақылықтың жемісі. Өкініштісі, досқа адал ұлттың ортасына іріткі салатындардың жымысқы әрекетіне тап келіп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бейбіт шеруге шыққандандардың өтінішін назарға алып, құрылымдық күштерді лаңкестерді тұқыртуға жұмылдырып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Бейбіт елдің шаңырағын ортасына түсіруді көксегендердің жолын кесу негізгі мақсатқа айналды. Тараз қаласында да лаңкестік қылмыстың «қызыл» деңгейі жарияланып, коменданттық сағат режимі белгіленді. Яғни қас қарайғанда сыртқа шығуға тыйым салынады. Өз кезегінде арнайы жасақ қарулы топты құрықтауға бар күшін салуда. Себебі террорлық әрекетке үлкен дайындықпен шыққандардың жолын қазірден байламаса, күні ертең не боларын болжап біле алмаймыз.
Құрметті жамбылдықтар, осы жайттың барлығын ескере отырып, коменданттық сағат режимін бұзбауға шақырамын. Бастысы, біздің күшіміз бірлікте екенін қаперден шығармайық!

Леля УЗДЕНОВА,
«Архыз» қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.