Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кішкентай қызды құтқарған азаматқа 3 бөлмелі пәтер берілді

0 81

8-қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді деп хабарлады turkystan.kz.

Бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған азаматқа пәтерді «G-парк» компаниясының басшылығы сыйға берген.

 «Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рақмет!» – деді Сәбит.

Еске салсақ, бұған дейін Сәбит «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оған қоса, елорда әкімі онымен кездесіп, ерлігі үшін алғыс айтты. Тіпті оның несиесін төлеп беруге көмектесетінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.