Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кино шексіз әлем

0 288

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматттар кітапханасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі зағип жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар фильмдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілім жұмысын тұрақты түрде жүргізуде,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазан айына жоспаранған кезекті көрсетілім Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен, Соқар және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында өткізілді.

Анимациялық тифлопікірлі фильмді интернат оқушылары қызығушылықпен тамашалап,тифло мультфильм соңында өз пікірлерін айтып, көрген көріністерді ортаға салып талқылап, анимациялық фильмнен алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар зағип жандарға тифлопікірі бар фильмдерді көру әлде-қайда ыңғайлы және түсінінікті екеніне кезекті рет көз жеткізілді. Көрсетілім соңында кітап қорынан балаларға арналған жайпақ баспалы, брайль қаріпіндегі және тактильді, дыбыстандырылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқуға ұсынылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.