Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кино әлеміндегі шексіздік

0 80

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетуді қолға алды.

Құралай ІЗЕТБАЕВА

Көрсетілім барысында тифлопікірі бар фильмдердің шығу тарихымен таныстырылды. Одан кейін режиссер Марка Ротемунданың 2017 жылы экранға шыққан «Не смотря ни на что» атты фильмі тифлопікірмен көрермен назарына ұсынылды. Шараға Қазақ Соқырлар қоғамының мүшелері, Жамбыл облыстық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің кітапханашылары мен оқырмандары қатысты.
Тифлокино жобасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тұрақты оқырмандарының сұраныстары бойынша жүзеге асқан. Көрсетілім барысында зағип жандар экраннан көрсетілген бейнесюжеттегі болып жатқан әрбір іс-қимыл, адамдардың қас-қабағындағы эмоцияларын, дыбыстандырылған тифлопікір арқылы біліп, толықтай елестетуге мүмкіндік алды.
– Тараз қаласы мен облыста көру қабілеті нашар адамдарға әлеуметтік қызмет ретінде тифлопікірді дамыту үшін жағдай жасауды қолға алу керек. Еліміздің киностудия, театр спектакльдерін және отандық фильмдерді тифлопікірмен берулеріне ұсыныс тастамақпыз. Қоғамның айнасы – теледидар. Осы орайда көру мүмкіндігінен айырылған жандардың да ерекше толғаныспен фильмдерді түсініп, жүрекпен қабылдап, көрмесе де көргендей әсер алуы ерекше маңызды, – деді облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Гүлнұр Алтынбекова.
Алдағы уақытта арнайы кітапхана зағип жандар үшін тифлопікірдегі кинолар көрсетілімін тұрақты түрде жүргізуді қолға алмақшы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.