Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жүйелі

0 516

Әділет департаментінің мәліметі бойынша биыл Тараз қаласында 514 коммерциялық емес ұйым (әрекеттісі 483) тіркелген. Олардың 361 – қоғамдық бірлестіктер, 125 – қоғамдық қорлар, 28 – заңды тұлғалар бірлестіктері болып табылады.

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша, үкіметтік емес ұйымдардың 31-і қызметін уақытша тоқтатқандар.
Бүгінде олардың барлығы белсенді емес. Тек 100-ге жуығы қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне араласып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде қордаланған түрлі мәселелерді шешуде белсенділік танытып келеді. Қала әкімдігінің бірнеше комиссиялары мен Кеңестерінің құрамына үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілген.
Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.
Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 18 жоба тақырыптары қалыптастырылды. Оның ішінде гендерлік теңдік мәселесін шешу, қоғамдық келісімді нығайту, жастар саясатын қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, отбасы институтын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты және тағы да басқа да бағыттарда жобалар енгізілді.
Айталық, қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан «Отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу», «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу», «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобалары жүзеге асуда. Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер», «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер», «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметтері», «Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді https://aleumet.egov.kz/ алуға жәрдемдесу», «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған экскурсия» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша мүгедектігі бар балаларға білім беру» сынды 6 жобаны қолға алуда. Бұған қоса қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, нашақорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу», «Жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу», «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу», «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағыталған іс-шаралар ұйымдастыру», «Жастар арасында «Жайдарман» ойындарын ұйымдастыру», «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту» бағытында іс-шаралар өткізу», «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту» бағытындағы шараларды ұйымдастыру, «Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру» жобалары өз жемісін беруде.
ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, ҮЕҰ құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері жəне жұмсалу бағыттары туралы мəліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін уəкілетті органға беруге тиісті. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жолдаған мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы Тараз қаласы бойынша тек 275-і ұсынған. Дерекқорға мәліметін ұсынбаған әрекетті 178 үкіметтік емес ұйымға әкімшілік құқық
бұзушылық бойынша хаттама толтыру үшін ұйым басшыларына хат жолданды.
Бүгінгі күнге дерекқорға өз мәліметтерін өткізбеген үкіметтік емес ұйымдарға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 37 хаттама толтырылып, Тараз қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Гүлназ Есенғалиқызы,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.