Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әкімдік алдында көлікпен дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

0 233

25 желтоқсан күні сағат 01:54 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Атырау қалалық әкімдігі ғимаратының алдында бірнеше автокөліктің дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқап, аталған жерге патрульдік полиция экипаждарын жіберген. Нәтижесінде 3 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ford Mustang», «Ваз 211440» және «Hyundai Greta» маркалы автокөліктерінің жүргізушілеріне  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен  (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалып, олардың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, дәл осындай оқиғаны 26 желтоқсан күні сағат 22:13 шамасында үш бірдей «BMW» маркалы автокөлігі қайталаған. Оны да Жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау қызметкерлері анықтаған. Патрульдік полицейлер тексеріс кезінде үш автокөліктің біреуінің тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргенін анықтаған. Екі BMW маркалы автокөліктерінің  жүргізушілеріне қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал, мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ күйде дрифт элементтерін орындаған  тағы бір «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.