Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кері байланыс – халық сенімінің өлшемі

0 230

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Кеңесте алдымен қала әкімдігі медиа орталығы директорының міндетін атқарушы Назерке Болат күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кері байланыс бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Назерке Манатқызы өз сөзінде тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілерге түсіп отырған өтініш-арыздарға шұғыл және сапалы жауап беріліп, барлық мәселе басты назарда екенін жеткізді.

Келесі кезекте Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов пен Жібек жолы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев аталған аудандарда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар жиында қала бюджетінің 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларының орындалуы, «Халық қатысатын бюджет» жобасының іске асырылуы, мемлекеттік сатып алу рәсімінің орындалуы, көрнекі ақпараттың тіл сауаттылығы бойынша зерделеу, жол жөндеу жұмыстарының барысы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, 2025 жылға арналған көктемгі егіс жоспары жайлы маңызды мәселелер жан-жақты қаралды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.