Қалалық қоғамдық-саяси газет

Картоп бағасы тұрақтанды

0 226

Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша «Тараз» ӘКК, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірлескен күш-жігерімен жүйелі негізде кешенді жұмыс жүргізілуде.

​​​Тұрақтандыру қоры халықты қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ете отырып, жыл бойы тауарлық интервенция жүргізеді.

​​​Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағадан төмен.

​​​Маусымаралық кезеңде 3 050 тонна картопқа форвардтық келісімшарттар дер кезінде жасалды.

​​​Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.

​​​Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, 64 сауда орнына барлығы 82,8 тонна картоп белгіленген бағамен килограммы 130 теңгеден жеткізілді. Оның ішінде «Вкусная Корзинка», «Нұрислам», «Фиркан» дүкендері бар.

​​​Мұнда күніне әр сатушыдан 3-4 қап картоп сатып алынады.

​​​Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне заңда белгіленген сауда үстемесінің асып кету фактілері бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

​​​Базарларда және өзге де сауда нүктелерінде картоп 300 теңгеден жоғары саудалануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.