Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Канело» қарсылас таңдады

0 290

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес алдағы жекпе-жектерінде кімдермен кездесетіні белгілі болды.

Деректерге сенсек, мамыр және қыркүйек айларында шаршы алаңға шығуды жоспарлап отырған Мексика боксшысы жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы, америкалық Джо Смит және WBC, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиевпен кездесуі ықтимал. Бұл туралы Top Rank промоутерлік ұйымының жетекшісі Боб Арум хабарлады.

«Ол Джо Смиттің соңғы жекпе-жегін көзімен көрді. Содан кейін DAZN стриминг қызметінің жетекшілеріне Артур Бетербиев және Джо Смитпен кездескісі келетінін айтқан. Сондықтан мен мамыр, қыркүйек айларын асыға күтемін. Сол кезде «Канело» мен айтқан екі боксшының бірімен шығып қалар», дейді ол.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.