Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кадастрлық төлқұжатты қалай алуға болады?

0 191

Жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесінің бірігуіне байланысты 2023 жылы құжаттың жаңа түрі – кадастрлық паспорт пайда болды.
Кадастрлық паспорт – бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының мәліметтерін қамтитын құжат. Ол электронды түрде де, қағаз түрінде де берілуі мүмкін.
Бұл құжатта мекен-жайы, мекен-жайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, үй сериясы, үйдің қабаты, пәтердің қабаты, ауданы: (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлмелер саны және қабырға материалы қамтылады. Кадастрлық паспорт көбінесе жаңа объектілерге рәсімделеді.
Жер учаскесіне кадастрлық паспорт: нысаналы мақсаты өзгерген, учаскенің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген, бұрын берілген актілерді бөлу, біріктіру, ауыстыру кезінде, аукционда учаске сатып алу кезінде, бұрын жалға берілген жер учаскесінің меншігіне ресімделген жағдайда дайындалады.
Пәтерлерге, тұрақ орындарына кадастрлық паспорт жер туралы мәліметтерсіз беріледі. Кондоминиум бойынша мәліметтер құжатта көрсетілмейді.
Кадастрлық паспорт алуға өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электронды үкімет порталының көмегімен беруге болады.
Білу маңызды!
Қолданыстағы техпаспортар мен мемлекеттік актілер күшінде қалады, яғни меншік иесі қаламайынша жаңа құжат алу міндеттелмейді.
Жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу жолдары ашық түрде өткізіліп, қызмет көрсету жүйесі толық автоматтандырылады.
Артық құжаттар сұратылмайды.

«Азаматарға арналған үкімет мемлекеттік» корпорациясының Жамбыл облысы бойынша PR-менеджері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.