Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкер әйелдер әлеуетін арттыру қолдауға ие

0 30

«Әйел – қырық шырақты» дейді халқымыз. Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Бұған мысал – Т. Рысқұлов ауданында 2021 жылы  ісін жаңа бастайтын кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге, 50 жастан асқан азаматтарға және 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде (өз бизнесін ашуға) облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы мемлекеттік гранттар беру, нақтырақ айтқанда қайтарымсыз 2 млн.теңгеден 5 млн.теңгеге дейін қаражат алуға 21 млн.тенгеге конкурс электронды түрде жарияланып, электронды түрде өткізілді. Т.Рысқұлов ауданынан грант алуға өтініш білдірген жеке кәсіпкерлердің жобасы қолдау таппады.

2022 жылдың сәуір айының аяғына дейін «Қарапайым заттар экономикасы»,   «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында басқарманың мәліметі бойынша аудан аумағындағы кәсіпкерлер арасынан несие алуға өтініш берілмеген.

Аудан орталығы Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі № 201 үйге орналасқан «Сұлу-Төр» дүкені әлеуметтік дүкенге таңдалып, «Тараз» ӘКК-нан ЖК «Мусаев Ж.Ж.» 5 000 000 теңге несие 0,01% алып қазіргі уақытта жұмыс істеуде. 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні ашылып, Тараз қаласынан көтерме сауда орындарынан әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларын алып келіп базар бағасынан төмен қолжетімді бағада сатылуда.

«Ақтоған» шаруа қожалығымен, «Меркі сыр зауыты» ЖШС-мен, Тараз қаласынан ЖК «Атығаевамен», ЖК «Магазин Планета» дүкендерімен келісім шарттар жасалып,  дүкенде 19 азық – түлік тауарлардың түрі сатылымда.

Ағымдағы  жылдың  наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында жұмысшы топ мүшелерінің тексеру барысында әлеуметтік  маңызы  бар  азық – түлік тауарлары тағыда қымбаттаған. Атап айтқанда, күріш, қарақұмық, тауық еті, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз-20-30 теңгеге қымбат. Шекер – 330 теңгеден 500 теңгеге өскен, күнбағыс майы 680 теңгеден 800 теңге, нан -10 теңгеге өскен.

«Бидайшы» ШҚ 2003 жылы құрылған. Тоңазытқышы мен бірге қоймасы бар. Қойманың көлемі яғни сыйымдылығы 216 шаршы метр, 648 м3. Қазіргі уақытта қаржының тапшылығынан толық қуатында жұмыс істемей тұр. Айналымға 15,0 млн.тг 0,01 % -бен қаражат алу үшін 2021  жылдың 16 қыркүйек күні құжаттары «Тараз» ӘКК-не ұсынылды. Ұсыныс  қаралып 2 желтоқсан күні «Бидайшы» ШҚ жетекшісі Бидайшиев Бақытжанға «Тараз» ӘКК-ы    1 жыл мерзімге 0,01% 14700.0 теңге несие алды.  Шаруа қожалық аудандағы тауар өндірушілермен келісім-шарт жасады. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде.

«Керең» ШҚ –  216 басқа арналған етті-сүтті бағыттағы сүт-тауарлы фермасының құрылысы, жобаның құны-263,0 млн.тг., қазіргі уақытта іске қосылды. Қәзіргі уақытта 5 жұмыс орны ашылды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» 2022 жылы өндірістік инфрақұрылымды дамыту тетігі бойынша 1 жоба (Керең ШҚ) мақұлданып 13,4 млн.тг. несие алуға одан әрі іске асыру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасына жолданды.

«Қайнар Агро» ЖШС- жоғары репродукциялы тұқым тазалау жүйесі бойынша зауыт салу және пайдалану, жобаның құны – 320,0 млн.тг., 2021 жылдың қыркүйек айында іске қосылды.

Осы аталған жобалар  «Керең» ШҚ-ғы 2021 жылғы индустриаландыру картасына енгізілді, «ҚазАгро» кредиттік корпорациясы арқылы қаржыландырылды. «Қайнар Агро» ЖШС-і бойынша өз қаражатымен құрылыс жұмыстарын бітіріп іске қосылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.