Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіп ашуға грант бар

0 130

Кәсіп ашып, бизнес бастағыңыз келе ме? Бизнес-жоспарыңыз да дайын, бірақ қаржының жоғы қолбайлау ма? Ендеше, өз бизнесін дөңгелетуді көздегендерге 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі.

Арайлым Шабденова

Грантты қалай аламыз?

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу дегеніміз –әртүрлі мамандыққа, мысалы, шаштараз, аспазшы, жиһаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстардан өту. Бұл оқу операторы – жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары. Қазіргі таңда қысқа мерзімді курстарды аяқтаған жағдайда төрт жақты келісімшарт бойынша жұмыс атқарылуы тиіс. Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының базасында өтеді. «Бастау Бизнес» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Оқу барысында қатысушыларға шәкіртақы төленбейді. Оқу ұзақтығы – 21 күн. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса, 200 АЕК көлемінде, яғни 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Бұл қаржыны қандай мақсатқа қолдану керек?

– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді, – дейді қала әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Батырхан Тоқтағұл.

Мекеме берген мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі күнде қала бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2020 жылға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 10352 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр екен. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 10995 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Оның ішінде әйелдер саны – 5022 адам немесе 45,8 пайыз, жастар саны – 3620 адам және мүгедектер саны 227 адамды құрайды. Бағдарламаның І бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстарды ұйымдастыруға облыстық бюджет есебінен 75,2 млн теңге бөлініп, 465 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге сұранысқа ие 20 мамандық бойынша 8 оқу орны таңдалып, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 472 адам жолданған. Жолданған 472 азаматтың ішінен 442 тыңдаушы оқуын аяқтап шыққан. Сонымен қатар мерзімінен бұрын оқуын 26 тыңдаушы аяқтаған. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 421 азамат.

– Бағдарламаның ІІ бағыты аясында былтырғы жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге «Даму» АҚ екінші деңгейлі банктер арқылы 896,6 млн теңге бөлініп, шағын несие ретінде 54 азаматқа 503,3 млн теңге берілген. Ағымдағы жылы аталған бағыт аясында 25 азаматқа несие берілді. Ал Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2020 жылға шағын несие алуға 26 адамға 351,0 млн теңге қарастырылып, 34 азаматқа 272,2 млн теңге берілді. Қалған қаражат игерілу үстінде. Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ағымдағы жылға жоспар бойынша 608,9 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 1096 адам грант иегері болды. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 23 адам грант иегері болды. Бағдарлама шеңберінде Жастар тәжірибесіне 350 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 112,2 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру кестесіне сәйкес 77 мекеменің тізбесі бекітіліп, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап 350 түлекті жалақыны толығымен субсидиялау шартымен (69 450 теңге) Жастар тәжірибесіне жолдау жоспарлануда. Бүгінгі таңда 352 түлек Жастар тәжірибесіне жолданды. Сонымен қатар мерзімінен бұрын 197 түлек жұмыстан шыққан. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 181 түлек, – дейді мекеме басшысы.

Атаулы әлеуметтік көмектің көмегі қандай?

Бүгінгі таңда атаулы мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмектің халыққа тигізіп жатқан пайдасы орасан зор. Ал атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Қазіргі таңда мекемеде 5707 отбасының өтініші қабылданып, 3315 отбасы 16434 адамға тағайындалған, оның ішінде кәмелетке толмаған 10250 балаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Ал учаскелік комиссияның шешімімен және отбасының жиынтық табысы адам басына шаққанда кедейлік шегінен асып кеткен 2392 отбасы 12915 адамға АӘК бас тартылыпты.

Осы атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардың бірі – көпбалалы ана Гулаш Сандыбаева. Қала тұрғынының кәмелет жасына толмаған 4 баласы бар және жолдасы ең төменгі жалақыға жұмыс істейді. Ал өзі бала күтімімен үйде отыр. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін отбасына ай сайын орташа есеппен 66 мың теңге мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алынып келген. Гулаш Сандыбаева нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша отбасының алғашқы кәсібін бастауға мемлекет тарапынан қайтарымсыз 555 мың 600 теңге грантын ұтып алған. Осы алған қаражатқа 11 қой сатып алып, мал шаруашылығымен айналысып бастаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.