Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіби мереке қарсаңында

0 210

Спорт күні мерекесі облыс орталығында да кең көлемде аталып өтті.

Толғанай АТАБАЙ

Бұған Қ.Рысқұлбеков саябағында өткен спорттық шаралар дәлел. Қала әкімдігінің спорт бөлімі ұйытқы болған айтулы шараға 420-дан астам жасөспірім қатысты. Жас спортшылар алаңдағы тоғызқұмалақ, дартс, кіші футбол, стритбол, гір тасын көтеру, арқан тарту және ұзындыққа секіру секілді спорт түрлерінен сынға түсті. Топ болып жұмылған жасөспірімдер бәсеке көркін қыздырып, өзара жарыс жеңімпазын анықтады.

Жалпы бұл мерекелік күннің мақсаты – қаладағы бұқаралық спортты дамыту. Елімізде бұқаралық спорттың даму көрсеткішін 2020 жылға қарай 30 пайызға жеткізу керек деген межелі жоспар бар.

– Спорт – адамның денсаулығын нығайту құралы ғана емес, ел мәртебесін әлемде асқақтататын бірден-бір күш. Бүгінгі таңда Қазақстанда спорттың дамуына айрықша көңіл бөлінуде. Спортшылардың кәсіби мерекесінің атап өтілуі де осыдан, – дейді қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тимур Баянов.

Сондай-ақ бұл күні «Жамбыл облысы тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен аталмыш саябақта тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында қалалық ашық турнирі өткізілді. Турнир қорытындысына сай жүлделі І орын Тұрар Джапаровқа бұйырды. Ал ІІ орын Мұхаметілда Байшонов пен ІІІ орын Ахмет Сансызбайдың еншісіне жазылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.