Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәріске тұрмысқа шыққан Әсел балаларына қазақ тілін үйретіп жүр (ВИДЕО)

0 177

Желіге кәріс азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы егіз ұлы мен қызына қазақ тілін үйретіп жатқан сәтінен видео жүктеді деп хабарлады  turkystan.kz ztb_kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тумасы Әселдің жасы 32-де. Ол Арман және Ару есімді егіз ұл мен қыздың анасы. Балаларының есімін қазақша қоюға күйеуі еш қарсылық танытпаған. Егіздердің анасы балаларына қазақ жері туралы жиі айтып, оларды қазақша сөйлеуге бейімдеп жүр.

Әсел алғашқы некесінің сәтсіз аяқталғанын айтады. Ол бала сүйе алмағаны үшін ажырасуға мәжбүр болған. Еліміздегі білікті мамандарға қаралып, одан қайыр болмаған соң, Кореяға жұмыс істеуге кеткен. Көп уақыт өтпей, қазақ қызы кәріс азаматына тұрмысқа шығып, егіз баланы дүниеге әкелген.

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.