Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәрім Мәсімовпен бірге кімдердің ұсталғаны белгілі болды

0 2  070

Елдегі төңкерістен кейін 6 қаңтар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен бірге бірнеше адам қамауға алынған,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

 

Алайда осы күнге дейін ҰҚК бұрынғы басшысымен ауыз жаласқандар кімдер екені айтылмады.

Ordа.kz бас редакторының дереккөзінің айтуынша, онымен бірге келесі тұлғалар ұсталған:

  • Абдымомунов Азамат Құрманбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының экс-орынбасары
  • Ерғожин Дәулет Еділұлы – ҚР ҰҚК 4-ші қызметі төрағасының экс-орынбасары – экс-басшысы
  • Осипов Марат Сапарұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2-ші қызметінің төрағасының экс-орынбасары – экс-басшысы.

Басқалары қазіргі таңда босатылған.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты Мәсімов 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.