Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтті

0 911

Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2024 жылғы 8-12 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Шара аясында №19 және 55 орта мектептерінің оқушыларымен Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Л.Копбаева, Тараз қаласы «Тараз сервис және технология колледжі» және «Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің»  білімгерлерімен Шөлдала  станциясының бастығы З.Байымбетова және Әскерилендірілген теміржол күзетшілері Б.Қазбеков және Қ.Қаңлыбаевпен бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балаларға теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларынсыз жүруін анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу, сонымен қатар оларға теміржолдағы қауіпсіздікті ережелерін түсіндіру мақсатындағы видеороликтер көрсетіліп, брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.