Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтті

0 660

Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде  2024 жылғы 8-12 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Шара аясында Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің бірінші орынбасары полиция капитаны Р.Заппаров, Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаевамен «ҚТЖ ҰК» АҚ Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалы директоры Е.Мүсілімовпен бірлесіп, «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Акцияның мақсаты – Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың  теміржолдағы қауіпсіз жүріс – тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу .

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.