Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды

0 395

Жоғалып кеткен 16 жастағы америкалық қыз көшедегі көлік жүргізушісіне TikTok сайтында бұрын көрген ишарақимылын көрсетіп, зорлаушыдан қашып құтылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зорлықшының көлігімен қатар келе жатқан ер адам жолаушы қыздың оған көрсеткен қимылынан көмек сұрағанын байқайды. Қыз бала тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе басқа мәселелер кезіндегі көмек сұрау ым-ишарасын көрсетеді. Ол оған көрсетіп, бас бармағын қысып, кейін саусақтарымен жабады.

Ер адам бірден полицияға хабарласқан. Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, дәл тас жолда 61 жастағы ер адамды ұстады. Артқы орындықта ол кәмелетке толмаған қызды отырғызып қойған. Оның телефонынан сексуалдық сипаттағы суреттері табылды. Жәбірленуші қыз ұрлаушымен бірге бірқатар штаттарды жүріп өткенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.