Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көлігімнің маркасы «Жигули»: Жаңаөзен әкімі жалақысы мен мүлкі туралы сұраққа жауап берді

0 119

Журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берген Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов қаладаға мәселелер туралы сұраққа жауап беріп, жалақысы мен мүлкі жайлы айтты.

 

Сұхбат барысында Айбек Қосуақов Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі, су мен тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сауалдарға жауап берген. Ал жол мәселесіне келгенде журналист әкімнің жеке көлігі жайлы сұрады.

«Көлігімнің маркасы «Жигули». Бірақ бұл жерде емес, Ақтауда. Соңғы модельдегі «Жигули». Оның моделі көп қой, «Granta» шығар, «Vesta» емес. Қандай екенін білмеймін әрі көлікті өзім жүргізбеймін. Балалар мінеді. Ақтауда пәтерім де жоқ. Жылжымайтын мүлік мүлде жоқ. Қазір қызметтік пәтерде тұрамын. Түпқарағанда да қызметтік үйде тұрғанмын. Егер мемлекеттік қызметтен кетсем, пәтерді жалға аламын», – деді ол.

Айбек Қосуақов жалақысы 700 мың теңге екенін мәлімдеді. Сөзінше, жалақысы жеткілікті.

«Жаңаөзендегі орташа жалақы туралы айтқанда мынаны ескеру керек. Мысалы, «ӨзенМұнайГазда» жалақы жоғары. Сонымен қатар бізде бюджеттік ұйымдар бар, мектеп пен балабақша секілді. Мұнда жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен. Мен қазір орташа жалақы 500 мың немесе 350 мың деп айтсам да болады. Менің жалақымды үкімет белгілейді, бұдан бас тарта алмаймын. Маған да отбасымды асырау керек», – деп қосты әкім.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.