Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көктемгі көріктендіру жұмыстары қарқын алуда

0 243

Таразда көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарының 2 айлығы жарияланған болатын. Соған орай әр сенбі қала аумағында тал-дарақтар отырғызылуда. Айталық, күні кеше Тәуке хан даңғылындағы көпірден бастап Төле би көшесінің жиегін бойлай 215 түп туя ағашы, 6 түп қарағай көшеті егілді. Сондай-ақ шаһардың барлық округтерінде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сенбіліктен тұрғындар да шет қалмай, өз үндерін қосуда.

– Тараз – баршамызға ортақ мекен. Сондықтан оның тазалығына да баршамыз бірдей жауапты болуға тиіспіз. Оның үстіне бұл біздің мәдениеттілігімізді көрсетеді. Екі айлық басталғалы бері біздің үйдің тұрғындарды бірлесіп, апта сайын сенбілік ұйымдастыруда. Ауламызды күл-қоқыстан аршып, арықтарды тазалаймыз. Еңкейген қарттан бастап еңбектеген балаға дейін қолдарына күрек, тырмаларын алып, тазалыққа атсалысуда. Әсіресе, мұндай игі іске жастарды көбірек тартуымыз керек. Осы арқылы олар тазалық таза ұстаған жерде ғана орнайтынын жете түсінетін болады. Сондықтан сенбіліктің тәрбиелік те мәні зор, – дейді зейнеткер Алмагүл Қонақбаева.
Шаһар аумағында алдағы уақытта да ағаш егіп, айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.