Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетауда зейнеткер өз үйінің қирандысының астында қалып көз жұмды

0 216

Алпыс үш жастағы әйел үйдің шатырының опырылып құлауынан қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Болған оқиға жайлы жергілікті 716.kz порталы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 6 қазан күні сағат 00:48-де, Көкшетау қаласының Пионерская көшесінде болған. 15 шаршы метр аумақта орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйдің төбесі кенеттен құлап түскен. Құтқарушылардың айтуынша, үй ескі, 1950 жылы салынған, бірақ апатты деп танылмаған.

Қирандылар астынан 63 жастағы үй иесінің мәйіті табылды. Ол алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болған.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.