Қалалық қоғамдық-саяси газет

Күй құдіретін танытқан күн  

0 306

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым. Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланғаны белгілі. Жыл сайын атап өтілетін айтулы күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі де аса зор. 

Осыған орай, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Күй құдыреті» атты байқау өтті. Жас ұрпақтарға қазақ халқының әдет-ғұры мен салт-дәстүрін берік ұстануын, домбырашы-қүйшілердің кәсби деңгейін көтеру мақсатында өткен шарада 9-11 және 12-15 жас аралығындағы балдырғандар бақ сынады.

ҚР мәдениет қайраткері, «Көне Тараз» фолькорлық ансамблінің жетекшісі Ержан Рысметов, аталған ансамблдің мүшесі Төрехан Көрпебаев, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рабиға Асылбековалардан құралған қазылар алқасының шешімімен ересек балғындар арасында 1-орынды Бек Марқаш иеленсе, жүлделі 2- орынға Акбар Аминов лайық деп танылды. Ал 3-орынды Арайлым Есенкелді олжалады. 9-11 жас аралығындағы балғындар арасында Назым Ахмет топ жарса, Ернұр Төленалы 2-орынға тұрақтады. Үздік үштікті Толғанай Қасымова түйіндеді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтап табыс етілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.