Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Көбіне үйде болған”: Атырауда жыл басынан бері балаларды зорлау дерегі бойынша 80 қылмыс тіркелді

0 386

Жыл басынан бері Атырау облысында балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы 80 қылмыс жасалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz тілшісі.

“Атырау қаласынның өзінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы 33 қылмыс тіркелген. Аудандар да тіркелді”, – деді Атырау облыстық полиция департаментінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева.

Кәмелет жасына толмаған балаларды зорлау бойынша 10 қылмыстық іс қозғалса, ҚР ҚК 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша 10-ға жуық, 122-бабы («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») бойынша 21 қылмыс және 124-бабы («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша 8-ден астам қылмыс тіркелген.

Полицияның дерегіне сүйенсек, балалардың көпшілігі үйде зорланған. Ең сорақысы, қылмыскерлер мен балалар туыс болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.