Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйді жындардан тазартамын дейді»: Тараздық әйел пәтері мен подъезге тұз сеуіп тастаған

0 514

Таразда екі қабатты тұрғын үйдің тұрғындары өз пәтерінде тұз “шахтасын” жасап алған көршісіне шағымданды. Соңғы уақытта әйел тұзды есіктің сыртына дейін себетін болып кеткен. Осыған наразы болған тұрғындар дәрігерлер мен полицияны шақырған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзінше, көрші әйел бұрыннан бері кіреберіс, терезе және есіктерге тұз себеді. Бірақ ешкімді үйіне кіргізбейді. Ал соңғы үш айда ол пәтеріне 50 келі қап тұз кіргізген. Тұрғындар көршінің мұндай әрекетіне үйренісе алмаған. Одан бөлек, келіншек күн сайын тұрғындардың мазасын алатын көрінеді.

“Денесінде жаралар пайда болған, денесі шіріп жатыр. Ол бізді секта деп ойлап жүр. Ол өз айналасын тұзбен тазартып осы арқылы шайтандарды қуып жүр. “Мен осылай шайтандарды үйден шығарамын” дейді бізге. “Бірақ шайтандар шықпай жатыр” дейді. Сол үшін тұзды барған сайын көптеп сатып алып жатыр”, – дейді көршісі Алия Қалауова.

Тұздан басқа да көршілерді алаңдататын проблемалар бар. Тұрғындардың айтуынша, көрші әйел дәретхананы пайдаланудан бас тартқан. Себебі онда жыландар болуы мүмкін деп қорқады. Әйел қалдықтарды терезенің астына төгеді. Дәретханасын тұзбен толтырып тастаған. Полиция да, дәрігерлер де шағымдарға жауап бермеген. Тек әйел көршілеріне тиісе бастағаннан кейін оны психикалық диспансерге алып кеткен.

“Психиатриялық стационарға пациенттің өміріне қауіп төндіретін адамдар ғана жеткізіледі. Немесе басқаларға қауіп төндіретін жағдайда. Басқа жағдайларда барлық психикалық аурулары бар психиатриялық науқастар тұрғылықты жері бойынша учаскелік психиатрлардың бақылауында болады”, – дейді Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Құлзахира Қызғараева.

Белгілі болғандай, әйел бұрыннан бері психикалық аурумен тіркелген. Туыстарынан оның анасы мен ағасы бар. Бірақ көршілері оның туыстарын таба алмаған. Тұз “шахтасының” иесі клиникадан қайтып оралғанда оны кім қадағалайтыны белгісіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.