Қалалық қоғамдық-саяси газет

Индустрияландыру – экономика игілігі

0 1  662

Экономиканы әртарап­тан­дыруды және оның ши­кізат экспортына тәуел­ділігін азайтуды негіз­гі мақсат ет­келі елімізде ин­дус­триялан­дыру бағытын­дағы бағдар­ла­маларға барынша басым­дық берілді. Нәтижесінде нақты стра­те­гиялық жос­парлар бекіп, межелі мін­дет­тер бел­гіленді. Басты­сы, индус­трияландыру бағ­дарла­масы өңдеу секто­рының дамуына оң әсерін тигізді.

Бұлай деуімізге нақты дәлел де бар. Мәселен, қазіргі таңда Қордай ауданында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 859 млрд. 118 млн. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 805, ал іске қосылу кезеңінде 1378 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

1) «MONTERRА QASAQSTAN» ЖШС-нің тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Іске асыру мерзімі 2014-2026 жылдар, жоба құны 832,0 млрд. теңге, құаттылығы – жылына 5100 кг. алтын өндіру.Қазіргі таңда геологиялық барлау, технико-экономикалық негіздеме және жобалық сметалық құжаттамалар дайындау жұмыстарына 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдауы: 300,5 га жер бөлініп берілді, тікелей келісім сөздер арқылы «Қаратас-Майбұлақ» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшін контрактқа отырды.

2)«KORDAY  FISH» ЖШС-ніңҚордай ауданында форельді қоса алғанда,  балық өнімдерін өндіру және консервілеу цехі, жоба құны 300,0 млн. теңге құрайтын, Қордай ауданында жылына 500 тонна қуаттылығымен балық өнімдерін өндіру, іске асыру мерзімі 2020-2021 жылдар,12 жұмыс орын ашылды. Қазіргі таңда, жұмысшыларға кіші әкімшілік ғимарат салынып, қондырғы, диаметрі 219 мм. тереңдігі 50 метр екі су құбыры орнатылды, 100 кВт. трансфарматор орнатылуда және дренажды арна қазылып жоба 2021 жылдың 30 қарашасында іске қосылды.

Мемлекеттік қолдауы:3,8 га жер телімі бөлініп берілді.

3) «Алатау Қордай» ЖШС-нің «Қыргау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу. Іске асыру мерзімі2015-2024 жылдар, жоба құны – 1692,2 млн. теңге, құаттылығы – жылына 1500 кг. концентрат өндіру. Қазіргі таңда компания тарапынан шетелден инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік қолдауы:28,6 га жер бөлініп берілді, тікелей келісім сөздер арқылы «Қыргау» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшін контрактқа отырды.

4)«Шокпар-Гагаринское» ЖШС-нің «Гагаринское» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы, жоба құны 21,0 млрд. теңге қуаттылығы жылына 1000 кг. алтын өндіру., іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар, іске асыру кезінде 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

 Мемлекеттік қолдауы:1101,0 га жер телімі бөлініп берілді.

5)«Есаров» ЖШС-нің«Форель өсіретін шаруашылық ұйымдастыру және консерві цехын салу» жобасы құны 145,5 млн. теңге, қуаттылығы жылына 67 тонна өнім өндіру, іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар, құрылыс кезінде 6 жұмыс орын, ал іске қосу кезінде 3 тұрақты жұмыс орындар ашу жоспарлануда.

6)«Қордай Корм» АӨК-нің«­Өндірісті кеңейтуге, балықтарға арналған құрама-жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу» жобасы құны 40,7 млн. теңге, қуаттылығы жылына 100 тонна өнім өндіру, іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар, іске қосу кезінде 3 тұрақты жұмыс орындар ашу жоспарлануда.

7)«Туран Металс» ЖШС-нің «Қордай ауданында құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен салу» жобасы іске асыру мерзімі 2021-2027 жылдар, жоба құны 440,0 млн. теңге, қуаттылығы жылына 250 мың тонна руда өндіру, 45 жаңа жұмыс орындар ашу жоспарлануда.

8)«АЛТАЙ ГОЛД» ЖШС-нің «Флюорит өңдеу зауытын салу» жобасы іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар, жоба құны 3,5 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 118 мың тонна өнім өндіру, 100 жаңа жұмыс орындар ашу жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.